“Бала дарын” жасөспірімдер байқауы жобасына Ө.Жәнібеков атындағы /4 лицей интернатының бастауыш сынып мұғалімі Есман Күлбибінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының “Күз” өлеңін мәнерлеп оқудан және күз мезгіліне қатысты сурет салу онлайн байқауына
2 “Ә” сынып оқушыларын қатыстырды. Байқаудың мақсаты: Абай Құнанбайұлының өлеңін жаттау арқылы және табиғатты бейнелеу өнері арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу. “Бала дарын” жасөспірімдер байқауына оқушылар белсене қатысты.