Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
«Бағдаршам-робот» тақырыбында ашық сабақ өтті.

«Бағдаршам-робот» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының «ІТ-механика» бірлестігі аясында өтіп жатқан математика, физика және информатика пәндерінің айлығы бойынша Информатика пәнінің мұғалімі Төрегелді Сандуғаш Молдаханқызы 4 “В” сыныбында «Бағдаршам-робот» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында ұстаз оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Сабақта жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар цифрлық платформаларды қолданып, компьютерде тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Бұл ашық сабақ оқушыларға жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат беріп, практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Сандуғаш Молдаханқызының жаңашыл сабағы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін жетілдіріп, сабақ мақсатына толықтай қол жеткізілді. Оқушылар да өз білімдерін көрсете отырып, сабаққа қызығушылықпен қатысты.