Бұл — «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында ай сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретін маңызды диалог алаңы.
Қатысушылар: Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Ө.Жәнібеков атында,ғы №4 лицей- интернат» КММ-нің 7-11 сынып оқушылары мен ұстаздары.
Эфирде талқыланған басты мәселелер:
Құқықтық сауаттылық: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Киберқауіпсіздік: Интернеттегі қауіпсіздік, буллинг және кибербуллингпен күрес.
Қоғамдық тәртіп: Мектеп пен көшедегі зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Мақсатымыз – қауіпсіз орта мен саналы ұрпақ тәрбиелеу!





