Бүгін мектебімізде өткен тоғызқұмалақ үйірмесі ерекше белсенді өтті. Оқушылар ұлттық зияткерлік ойынды тереңірек меңгеріп, тактикалық ойлау, логикалық шешім қабылдау дағдыларын дамытты.
Балалар жұппен ойнап, әр жүрісті талдап, ойын барысында бір-бірімен пікір алмасып, өз шеберліктерін шыңдады. Ұйымдастырылған сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың зияткерлік қабілеттерін жетілдіруге үлкен үлес қосты.
Ұлттық ойын — ұлттық құндылық.
Біз осындай үйірмелер арқылы өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың даналығын жеткізуді жалғастырамыз!





