Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Бүгін химия пәнінен «Ғылыми жоба қорғату арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында сабақтан тыс ашық сабақ өткізілді

Бүгін химия пәнінен «Ғылыми жоба қорғату арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында сабақтан тыс ашық сабақ өткізілді. Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ізденісін дамыту, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және өз ойларын нақты, дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету болды.

Ашық сабақ барысында оқушылар өз ғылыми жобаларын қорғап, тәжірибелерін ұсынып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Әр жоба өзектілігімен, жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.

Ғылыми жоба қорғау – білімді тереңдетудің, сыни ойлауды дамытудың және пәнге деген қызығушылықты арттырудың тиімді жолы. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың білім сапасы артып, болашаққа деген сенімі нығая түседі.

Жас зерттеушілерімізге сәттілік тілейміз!