Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Бүгін қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған "Тілім менің – тірлігімнің айғағы" атты тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шара: "Тілім менің – тірлігімнің айғағы"

Бүгін қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған "Тілім менің – тірлігімнің айғағы" атты тағылымды іс-шара өтті.

Шара барысында қатысушылар ана тіліміздің қадір-қасиетін ұлықтап, өлең-жырлар оқып, тағылымды ойларымен бөлісті.

Қазақ тілінің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы терең пікірлер айтылып, рухани байланыс нығая түсті.

Жас ұрпақтың тілге деген құрметін оятуға бағытталған түрлі танымдық ойындар мен көріністер де ұйымдастырылды.

Тіліміз – ұлтымыздың жаны. Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы ана тіліміздің мәртебесін арттыру – бәріміздің ортақ парызымыз!