Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

"Азаматтық құқықтың обьектілері" атты ашық сабақ болып өтті.

«Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернаты» КММ 2026 жылғы 05-30 қаңтар аралығында «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәндері әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзғарас» тақырыбында пәндік айлық іс – шара аясында 10 "Б" сынып оқушыларымен құқық пәнінің мұғалімі: Меруерт Момбекова апайдың "Азаматтық құқықтың обьектілері" атты ашық сабақ болып өтті. Сабақтың мақсаты: Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері туралы түсінік қалыптастырады. Құқық және әрекет қабілеттілік ұғымдарының мазмұны ашылады. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді, интерактивті тапсырмалар мен цифрлық білім беру ресурстары, атап айтқанда Wordwall, Flippity платформалары қолданылды. Оқушылар жаңа ЖИдеректермен жұмыс жасап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізіп, өз құқықтарын одан әрі толықтырды. Ашық сабақ әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мұғалім сабақ мақсатына толықтай жетті.