Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Құрметті ата-аналар!

Түркістан облысы, Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Ө. ЖӘНІБЕКОВ атындағы №4 лицей-интернаты білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі Жаңа жыл мерекесіне байланысты төмендегіні ресми түрде хабарлайды.

Мектеп аумағында және білім беру үдерісіне қатысты кез келген іс-шара барысында ата-аналар тарапынан ақша жинауға, материалдық сыйлықтар ұсынуға, қандай да бір қаржылай немесе заттай қолдау көрсетуге қатаң түрде тыйым салынады.

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы болып табылады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 247-бабына сәйкес заңды жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертеміз.

Мектеп ұжымы үшін ең үлкен құндылық білім алушылардың қауіпсіздігі, тәртібі, сапалы білімі және ата-аналармен өзара сыйластыққа негізделген ынтымақтастық. Ұстаздар үшін ең бағалы алғыс оқушының жетістігі, тәрбиесі мен болашағына деген ортақ жауапкершілік.

Педагогикалық ұжымға деген құрметті жылы лебіз, шынайы құттықтау және ізгі тілектер арқылы білдіру жеткілікті екенін назарларыңызға саламыз.

Мектептің негізгі міндеті әрбір білім алушыға сапалы білім беріп, саналы тәрбие қалыптастыру. Осы мақсатта мектеп пен ата-ана арасындағы ашықтық, адалдық және заң талаптарын сақтау – басты қағида.

Егер заң талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін жағдайлар орын алған жағдайда, мектеп әкімшілігіне дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз.

Түсіністік танытып, қолданыстағы тәртіп пен талаптарды қатаң сақтауларыңызды өтінеміз.

Құрметпен,

№4 лицей-интернат директоры Е. Қ. Серікбаев