Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Ана – өмір шуағы”

“Ана – өмір шуағы”

Мектебімізде 3 «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Ана – өмір шуағы” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар аналарға деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігін ән, би, көрініс және жүрекжарды өлең жолдары арқылы жеткізді. Балалардың шынайы ықыласы мен жылы лебіздері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шараның мақсаты:

Оқушылардың бойында анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін арттыру, ананың қоғамдағы және отбасыдағы орнының ерекше екенін түсіндіру, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы балалар ана қадірін терең түсініп, жүректеріндегі алғысын білдіре алды.

Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Барша аналарға мықты денсаулық, отбасына амандық, шексіз бақыт тілейміз!

Сынып жетекшісі: Даутова Шынарай

Сынып тәрбиешісі: Қарақұлақова Гүлжан