Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Ақылды мектеп - ақылды ұрпақ” жобасы аясында “Ақылды сынып” онкүндігіне байланысты 1 “В” сынып оқушыларына “Тасымал” тақырыбында ашық сабақ өтті.

“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Садық Нұргүл Бақытжанқызы “Ақылды мектеп - ақылды ұрпақ” жобасы аясында “Ақылды сынып” онкүндігіне байланысты 1 “В” сынып оқушыларына “Тасымал” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;

Сабақты “Көңілді амандасу” әдісімен бастап, жаңа сабақтың тақырыбын ЖИ, Визуалды шындық платформасымен ашты. Оқылым, жазылым дағдыларына берілген тапсырмаларды жеке, жұппен, топпен орындатып отырды. Сабақ соңында “Алма” әдісі арқылы рефлекция жасады.