Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің тапсырмасына орай «Отырар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 06.08.2025 жыл №41-10/831 бұйрығы негізінде 2025-2026 оқу жылында «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернат» КММ-де «Ақылды мектеп – ақылды ұрпақ» арнайы жоба іс – шарасы түзіліп, оқушылармен педагогтарға таныстырылды.
Жобаның түрі: Инновациялық, цифрлық, экологиялық, білім беру кеңістігін жетілдіруге бағытталған жылдық жоба
Қатысушылар: Мектептің барлық оқушылары, педагогтар, ата-аналар қауымы
Мақсаты: Мектепті цифрлық және экологиялық тұрғыдан дамыта отырып, оқушылардың шығармашылық, технологиялық, зерттеушілік қабілеттерін арттыру және қауіпсіз, заманауи оқу ортасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Цифрлық технологиялар мен платформаларды оқу процесіне енгізу
- Эко-мәдениетті, жасыл мектеп моделін қалыптастыру
- IT, STEM, робототехника бағытындағы жобаларды қолдау
- Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру
- Ақылды басқару жүйелерін енгізу (мысалы, электронды күнделік, QR-жүйе, ресурсты үнемдеу)
- Қауіпсіз және инклюзивті мектеп ортасын дамыту
Негізгі бағыттар:
- Цифрлық бағыт: Электронды күнделік, онлайн платформалар, IT байқаулар
- STEM және робототехника: Arduino, 3D модельдеу, инженерлік шешімдер
- Экологиялық бағыт: Жасыл мектеп, энергияны үнемдеу, экоакциялар
- Қауіпсіздік және инклюзия: Онлайн қауіпсіздік, қолжетімді орта
- Серіктестік: Ата-аналар, жергілікті ІТ-мамандар, ЖОО-лармен байланыс
Күтілетін нәтиже:
- Мектептің цифрлық әлеуеті артады
- Оқушыларда сандық мәдениет пен экологиялық жауапкершілік қалыптасады
- ІТ және STEM саласында инновациялық идеялар ұсынылады
- Ақылды жүйелер арқылы мектепті басқару жеңілдейді
- Мектеп заманауи, қауіпсіз және тартымды ортаға айналады





