Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Ағылшын тілі апталығы барысында 7–8 сынып оқушылары арасында “Mix and Match Quiz” атты сайыс сабағы ұйымдастырылды.

Ағылшын тілі апталығы барысында 7–8 сынып оқушылары арасында “Mix and Match Quiz” атты сайыс сабағы ұйымдастырылды.

Сайысқа қатысқан оқушылар 2 топқа бөлініп, өзара білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Сабақ барысында оқушылар 4 түрлі қызықты тапсырма орындады:

Spell the words correctly – сөздерді дұрыс жазу

Order the text – мәтінді дұрыс ретке келтіру

Describe the picture – сурет бойынша сипаттама беру

Tongue twisters – жаңылтпаштарды анық әрі жылдам айту

Бұл сайыс оқушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Оқушылар белсенділік танытып, командалық жұмыс арқылы өз білімдерін көрсете білді.