Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында игі іс

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында игі іс

23.02 күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының 5 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Байболованың бастамасымен ораза айында «Жақсылық жасап жарысайықшы» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін сіңіру және қоғамға пайдалы іс жасауға баулу.

Оқушылар бірлесе отырып, мұқтаж отбасыға азық-түлік себетін табыстап, шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Бұл – жас ұрпақтың жүрегіндегі жылу мен адамгершіліктің айқын көрінісі.

Жақсылық жасау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Осындай игі істер арқылы адал ұрпақ қалыптасып, жарқын болашаққа нық қадам жасалады.