«Адал азамат,біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
"Оқитын сынып"»
14.10.2025ж
Адал азамат,біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында"Оқитын сынып" жобасы іске асыру мақсатында, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей интернат кітапханасының ұйымдастыруымен 6а сынып оқушыларының қатысуымен «Әлемдік ойдың алыбы» атты Абай Құнанбаевтың шығармаларына тақырыптық көрме жасалынып, поэтикалық марафон өткізілді. Оқушылар қара сөздері,аудармалары, өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқып беріп белсенділік танытты. Біз мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері ғана оқушылардың көркем және көркем емес әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектесетініне сенімдіміз.!