Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы

"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы " “Даналық мектебінің” жұмыс жоспарына сай "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ- де НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ айында әжелер мектебімен 6 сынып тәрбиешісі Мәулен Лаураның ұйымдастыруымен "Тыйым сөздер" тақырыбында тағылымдық сабақ өткізілді. Тағлымдамалық сабағымыздың қонақтары 1 Ө.Жәнібеков мектебімізде талай жыл еңбек еткен бүгінде, бейнетінің зейнетін көріп отырған әже Әлмешова Палзинат

2 Республикалық өсімдіктер қорғау және зерттеу фитосанитариялық болжамдық әдістемелік орталығынан зейнетке шыққан Еділ оқушымыздың әжесі Света апай

3 Ө.Жәнібеков мектебімізде талай жыл еңбек еткен бүгінде, бейнетінің зейнетін көріп отырған Ақбілек оқушымыздың әжесі Тұрлыбек Мейрамкүл апай.

4 Зейнеткер әже Несібелі апай.

5 Тігіншілік өнерді кәсіп еткен әже Сәтенкүл апай.

6 Кәсіпкерліктен зейнетке шыққан Шапағат оқушымыздың әжесі Амангүл апай.

7 Талапты ауыл әкімшілігіне қарасты емханада талай жылдар мейірбеке болып жұмыс жасап зейнетке шыққан Әмина оқушымыздың әжесі Ұлдар апай.

8 Айша оқушымыздың әжесі Шойманов ауылындағы П.Айтменов мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бибізат апай.

9 Нұрислам оқушымыздың әжесі Алтыншаш апай.

10 Рақымжан мен Расулхан оқушыларымыздың әжесі зейнеткер Дүйсенгүл апайларымыз оқушыларға қазақ халқының тыйым сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіріп, әжелер өнегесі арқылы ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында өз өсиет әңгімелерін айтты.