Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының 8 сынып оқушылар арасында «Бала құқығын қорғау туралы конвенцияны оқушыларға кеңінен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында мектептің әлеуметтік педагогы Талғат Жаппарқұлов пен әлеуметтік талдаушы Бану Қасым оқушыларға бала құқығы туралы мағұлматтарымен бөлісті. Іс-шара барысында конвенция жайлы терең түсіндіріліп кері байланыс жасалып, қатысушалар пікірі ортаға салынды. Атап айтар болсақ Бақытхан Ақсәуле оқушымыз бала құқығын өзге елдермен салыстыра отырып, пікірін білдірсе, Қалдыбек Бақдәулет оқушымыз қандай құқықтары бар екенін атап өтті. Әр баланың құқығы мемлекеттің мүдесінде екені, әр ата-ана, ересек азаматтар өскелең ұрпаққа толық міндетті екенін шәкірттеріміз айрықша сезінді.
Новости
