Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде «Толағай» атты командалық сайыс ұйымдастырылды.

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде «Толағай» атты командалық сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.

Сайысқа оқушылардан құралған командалар қатысып, түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты ойындарда бақ сынасты. Қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жарыс барысында әр команданың бірлігі мен ынтымағы ерекше байқалды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, сайыс өте тартымды әрі әсерлі өтті.

Осындай шаралар жас ұрпақты денсаулықты сақтауға, спортпен айналысуға және отбасымен бірге уақытты пайдалы өткізуге тәрбиелейді