7 Сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні – адамзат үшін аса маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн денсаулықтың ең басты байлық екенін еске салып, әр адамды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Денсаулық – әрбір адамның өміріндегі ең қымбат қазына. Оны сақтау үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болған жөн. Сонымен қатар, уақытылы дәрігерге қаралып, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
Сондықтан баршамыз өз денсаулығымызды күтіп, салауатты өмір салтын ұстанайық!





