Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» әлеуметтік жобасының іске асырылуы аясында 2025 жылдың 3 желтоқсанында «Зерттеу дағдыларының оқудағы маңыздылығы» тақырыбында Түркістан қаласы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлі мектебі» филиалы мұғалімдерімен бірлескен іс-шара өткізілді. НЗМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Мурзабеков және тірек мектебі ұжымының ұйымдастыруымен НЗМ және тірек мектебі мұғалімдерінің зертханалық құралдармен ашық сабақ өтуі, тірек мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, бақыланған сабақтарға кері байланыс және ұсыныстар беру, зертханалық құралдармен жұмыс семинар-практикумдары, рефлексия және кері байланыс жұмыстары жүргізілді.
«Сабақтағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу» бағыты бойынша 9 «В» сыныбында физика пәнінен «Салмақ. Салмақсыздық» тақырыбында Құсанова Нұржамал, химия пәнінен 10 «А» сыныбында «Тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье принципі» тақырыбында Мусаева Ақбота, 8 «В» сыныбында биология пәнінен «Физикалық жаттығулардың жүрек жұмысына әсерін зерттеу» тақырыбында Жамекова Айнаш, информатика пәнінен 7 «А» сыныбында «Шартты пішімдеу» тақырыбында Туребеков Ырысдәулет зертханалық сабақтар жүргізді.
Келесі кезекте физика пәнінен Ғ.Пәзілбековтің 7 «Ә» сыныбындағы «Ауырлық күші және тартылыс күші және салмақ» тақырырыбында, 10 «Ә» сыныбындағы химия пәнінен Г.Шүкірбекованың «Химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары», А.Бердімұратованың 7 «В» сыныбындағы биология пәнінен «Тыныс алудың типтері мен маңыздылығы, 7 «А сыныбындағы информатика пәнінен Г.Сүлейменованың «Шартты форматтау» тақырыбындағы сабақтарына еніп, тиімді кері байланыс жасалды.
Мұғалімдердің зерттеу қауымдастығын құру және дамыту: «Іс-әрекетті зерттеудің оқыту мен оқудағы оң әсері» бағыты бойынша НЗМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанжігітова Гүлзада тірек мектебі директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Бұйрабай Мұхамеджанмен бірлесе отырып, іс-әрекетті зерттеудің маңыздылығы, NIS SHARE жобасы бойынша семинар-практикум, халықаралық конфоренцияларға абстракт жазу бойынша шеберлік сағаты, ментор-менти жоспар құру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын жасады.
НЗМ және тірек мектебі мұғалімдерінің арасында зертханалық құралдармен жұмыс жасау бойынша семинар мен тренингтер ұйымдастырылды.
NIS SHARE жобасы бойынша тірек мектебінің директоры Серікбаев Ерғали Қазыханұлы зерттеу тобына мүше болып еніп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарға қолдау көрсететіндігін айта келе, әріптестердің жұмыстарына сәттілік тіледі.





