Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг

11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ

ТАБЫСТЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУГЕ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Емтихан мен ҰБТ қарсаңында оқушылардың психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, мазасыздық деңгейін төмендету және өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында мектеп психологтары Д.Масанова, Л.Төлегенова психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг барысында стресстің пайда болу себептері түсіндіріліп, оны басқарудың тиімді әдістері қарастырылды. Оқушылар өз эмоцияларын тану, бақылау және жағымды арнаға бағыттау жолдарын меңгерді.

Сабақта психологиялық жаттығулар, тренингтік ойындар, тыныс алу және релаксация әдістері, топтық талқылаулар қолданылды. Әрбір әдіс оқушылардың ішкі күйзелісін азайтып, нәтижеге бағытталған ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Тренинг нәтижесінде оқушылардың эмоционалдық жай-күйі тұрақтанып, өз мүмкіндіктеріне деген сенімі артты, алдағы емтихандарға психологиялық дайындық деңгейі күшейді.