Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
10 «б,в » -сынып оқушыларымен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.

10 «б,в » -сынып оқушыларымен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.

Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 20.02.2025ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог Жоребекова Қ мен сынып тәрбиешісі М.Шаденованың ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 10 «б,в » -сынып оқушыларымен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.Мақсаты: оқушылардың өз мамандықтарын таңдаудағы жауапкершілікке және мамандықтың маңыздылығына түсінік беру:

Мамандығын мақтан тұту және оның қоғамдағы рөлін ұғындыру: оқушыларға мамандық таңдау мәселесінде дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру: оқушылардың пікір айту және тыңдау дағдыларын дамыту.Оқушылардың өз мүмкіндіктеріне,қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып,қызмет саласын таңдау еркіндігі жайында кеңестер берілді.Оқушылар қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.