Түркістан облысы.Отырар ауданы.Шәуілдір ауылы .Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты «Біртұтас тәрбие бағдарламасы 1"А" сынып оқушылары "Қош,сүйікті Әліппе" тақырыбында іс -шара өткізілді. Сынып жетекшісі Пирманова Мөлдір және сынып тәрбиешісі Әжібекова Зәуре. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салып. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін өзі басқаруға үйрету. Отбасына,Отанға,Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,оны қорғауға тәрбиелеу. Құндылығы: Бірлік және ынтымақ . Әліппемен қоштасу іс- шарасы жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар әріпті үйренген әліппеге арнап тақпақтар мен әндерін орындады.Жасаанды интеллект арқылы Президентіміз Қ.Тоқаев шәкірттерге құттықтау сөзін арнады.Балалар Отанға, мектепке, ұстазға,ата анаға арнап тақпақтарын,әндерін арнады. Өз өнерлерін ортаға салып ән - билерін биледі. Әліппеге үлкен рахметтерін айтып, Ана тілі оқулығын қуана қарсы алды.Жасанды интеллект арқылы "Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақ "тақырыбында слайд көрсетілді.Слайдта бүлдіршіндердің бүгіні мен келешекте таңдаған мамандық иегерлері болатын суреттері көрсетілді. Іс -шара соңында мектеп директоры Серікбаев Ерғали ағай құттықтап, болашақта бүлдіршіндерді білімді болуға шақырды. Директордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Жетпісбаева, А.Жақашева апайларымыз құттықтау сөз арнады. Ата аналарда өз құттықтауларын арнап сөз алды.
Новости
